Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ғалымы қазақ ру-тайпаларының атаулары туралы кітап шығарды

Жуырда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғалымы Маратбек Ақановтың «Қазақтың ру-тайпа атауларына ғылыми көзқарас» атты кітабы басылып шықты.

Автордың айтуынша, еңбек қытай, парсы, моңғол, орыс, көне түркі, араб дереккөздері негізінде жазылған және өзінің түп-тамыры мен тегіне, қазақтың шежіресіне, халқымыздың тарихи қалыптасуына қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған.

Басылымда найман, арғын, керей, жалайыр, байжігіт, қаракерей, балталы, бағаналы сынды қазақ ру-тайпалары атауларының мән-мағынасы мен тарихы айтылады.

Мәселен, «найман» сөзі моңғолдың «сегіз» сөзінен шыққан делінеді (сегіз тайпа одағы), ал ғалым өз нұсқасын ұсынады, оның пайымынша сөз парсының «най» (керней, музыкалық аспап) және «ман» (адам) деген сөздерінен құралған. Яғни, түпкі мағынасы – музыкант.

Кітаптың таралымы – 550 дана.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo