Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ғалымы қол күресін дамытуға қосқан үлесі үшін Дүниежүзілік армрестлинг лигасының белгісімен марапатталды

 Қол күресінен бірнеше дүркін Азия және әлем чемпионы, халықаралық деңгейдегі спорт шебері, халықаралық санаттағы төреші, еңбек сіңірген бапкер, спорт саласының құрметті қайраткері, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ доценті М. Ағзамов Шымкент қаласында өткен ел чемпионатына құрметті қонақ ретінде қатысты.

Ақпанның 15-і мен 18-і аралығында Шымкентте өткен ел чемпионатында еліміздегі қол күресінің негізін қалаушы, ШҚМУ физика және технологиялар кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты Мұхамедолла Сағидоллаұлы Дүниежүзілік кәсіби армрестлинг лигасының (Лас-Вегас қ., Калифорния штаты, АҚШ) «Армрестлингтің дамуына қосқан ерекше үлесі» арнайы белгісімен марапатталды.

Физика және технологиялар кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo