С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Сләмбек Оразалин Өскемендегі Оқушылардың шығармашылық үйінде қаланың мектеп оқушыларымен кездесті.
С. Оразалин – Шығыста үштілді білім беру бағдарламасын жүзеге асырған алғашқы ғалымдардың бірі, көптеген ғылыми еңбектердің авторы.
Кездесуде Сләмбек Қалибекұлы жоғары оқу орны, дайындық бағыттары, университет студенттерінің ғылыми-шығармашылық қызметі туралы қызықты айтып берді. Атап айтқанда, балаларды «Журналистика», «Құқықтану», «Физика-Математика» білім бағдарламалары туралы ақпарат қызықтырды.
Іс-шара соңында балалар «ALTAІ JASTARY» медиа-орталығымен, университеттің ғылыми-білім беру орталықтарымен танысуға ниет білдірді.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы