Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ғалымы Семейде өткен «Үш бәйтерек: тағдыр мен тағылым» конференциясында баяндама оқыды

Семей қаласында өткен «Үш бәйтерек: тағдыр мен тағылым» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясында ШҚМУ доценті спикерлік жасап, баяндама оқыды.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіровтердің 125 жылдығына арналған «Үш бәйтерек: тағдыр мен тағылым» облыстық  ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Пленарлық мәжілісте С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының доценті, филология ғылымының кандидаты А. Сейпутанова спикерлік жасап, «І. Жансүгіров лирикасындағы ұлттық болмыс және тарихи тағдыр» баяндамасын оқыды.

Ғалым ақын шығармашылығы туралы тың деректерге сүйене отырып, пайымдаулар мен тұжырымдар келтірді, болашақта зерттелуі  тиіс мәселелердің бағыт-бағдарын айқындап, ойын ортаға салды.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo