О. Бөкей атындағы №44 мектептің 10 сынып оқушысы Әлібек Темірлан «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған 2019 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының ІІІ дәрежелі дипломын және қола жүлдесін иеленді.
Оның жетекшісі – С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертханасына қарасты Биология және өсімдіктер биотехнологиясы зертханасының аға ғылыми қызметкері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Галина Кузьмина.
Ғылыми жоба тақырыбы – Күршім тау бөктері-далалық аймағында өсірілетін «Triticum aestivum» дақылы фитосанитарлық жағдайының мониторингі. Бұл тақырып өзекті болып табылады, өйткені жаздық бидай ауруларынан оның орташа өнімділігі 20-30%-ға төмендейді.
Ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертхана