С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертханасының меңгерушісі Бауыржан Қорабайұлын Рахәділовке дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия тағайындалды.
Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы №672 бұйрығына сәйкес тағайындалып отыр.
Құттықтаймыз!
ҒЗЖ бөлімі