Қ. Сәтпаев атындағы халықаралық олимпиадада Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Әнуар Майдан химиядан 1 орын алды деп хабарлайды НЗМ баспасөз қызметі.
Сайыстың бірінші кезеңіне 50 шақты оқушы қатысқан.
– Мек мектепте зертханалық жұмыстарды көп атқардым. Сенбі сайын ШҚМУ химия кафедрасының доценті Бәтима Сматайқызы Тәнтібаевамен олимпиадаға дайындалдым, – дейді жас химик.
IX олимпиада 29-30 мамырда Павлодар облысы Баянауыл ауылында өтті. Оны білім министрлігі мен «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырды, сайысқа Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен облыстардан, Ресейдің Новосібір қаласынан оқушылар қатысты.
Баспасөз қызметі