С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Физика және технологиялар кафедрасының профессоры Людмила Квеглис Стокгольм (Швеция) қаласында өткен халықаралық конференцияға қатысты.
Конференция композициялық материалдарға, графеналарға, 2D-материалдарға, биосенсорларға, биоэлектроникаға, жалпы химия, оптика және фотоника жетістіктеріне арналды.
– Менің баяндамам Үлбі металлргиялық зауытында еңбек еткен оқу орнымыздың ғалымы Александр Павловтың зерттеу нәтижелері негізінде әзірленді. Теориялық есептеулер Томск университетінде және Красноярск физика институтында жасалды, – дейді Л. Квеглис.
Ұсынылған баяндаманың тақырыбы – Берилий оксиді мен титан диоксидін модельдеу.
– Баяндамам талқыланған соң маған сертификатпен қоса «Симпозиумдағы үздік 10 баяндама» дипломы табысталды, – дейді ғалым.
Конференцияға 63 елдің өкілі қатысыпты, ТМД елдері ішінен Ресей, Беларусь және Қазақстан ғалымдары барған.
Баспасөз қызметі