Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық акцияны қолдады

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-әрекеттер» халықаралық акциясын қолдады.

Іс-шара аясында ШҚМУ-да Жоғарғы колледж студенттерінің қатысуымен «Зорлық-зомбылықтың барлық көріністеріне жол жоқ!» аймақтық ақпараттық акциясы өтті.

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-әрекеттер» науқаны бүкіл әлемдегі әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату мақсатынды жүргізіледі.

Соңғы жылдары #MeToo, #НеМолчи, #TimesUp және өзге де қозғалыстар дүние жүзі бойынша әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, кемсітушілік, сексуалды зорлық туралы пікірталастар толқынын туындатты. Ауқымды қоғамдық резонанс тудырған әрі БАҚ-тың назарына іліккен әрбір жағдайға гендерлік кемсітушілік пен зорлық-зомбылықпен күн сайын күресіп келе жатқан мыңдаған әйелден келеді. Осылайша, #Мені Естіңіздер: әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жояйық тақырыбы  – белсенділер мен құқық қорғаушылардың жан айқайларын күшейтуге, зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің мұңын тыңдауға, қоғамда орын алған шындықты жасыруға нүкте қоюға, әйелдер мен қыздардың игілігі үшін күш біріктіруге негізделген.

ШҚМУ студенттері «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-әрекеттер» халықаралық акциясын қолдады және де акцияны жалғастыру эстафетасын Семей қаласындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетіне жолдады.

Акция 25 қараша – халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрес күнінде басталып, 10 желтоқсан – халықаралық адам құқықтары күніне дейін жалғасады.

Тәрбие жұмысы және

әлеуметтік мәселелер бөлімі

Қазақ
× You found a Typo