Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ғимараттарында ел Президентінің сайлауы қарқынды өтіп жатыр

Таңғы сағат 7-де-ақ С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да орналасқан №78 сайлау учаскесі дауыс берушілерге – университет студенттері мен оқытушыларына, сондай-ақ жақын маңдағы тұрғындарға толы болды.

Учаске жұмысы мемлекеттік Әнұранмен басталды. Алғаш рет дауыс берген 120 студентке естелік кәдесыйлар табыс етілді.

Сағат 9-ға таман белсенділік екі есе артты. Университеттің №1 оқу ғимаратының жанындағы №3, 4, 5 Студенттер үйлерінде тұратын студенттер және Студентер қалашығында тұратын оқытушылар ел Президентінің сайлауында дауыс берді.

Алғаш дауыс бергендер қатарында ЖОО ректоры Мұхтар Төлеген, сонымен қатар «100 жаңа есім» қатарына қосылған ШҚМУ Ұжымдық пайдаланудағы ұлттық зертханасының ғалымы Әлмира Жилқашинова болды.

Құрметті қонақтар ішінде танымал әнші, еліміздің еңбек сіңірген әртісі, халықаралық байқаулардың жүлдегері Вячеслав Ткач пен танымал жазушы, журналист, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың құрметті профессоры Әлібек Қаңтарбаев науқанға қатысты.

№1 Студенттер үйінде тұратын студенттер №81 сайлау учаскесінде (№29 орта мектеп) де дауыс береді.

Студенттер, әсіресе, «Мен болашақ үшін дауыс беремін!» рамкасымен фотосуретке ерекше құлшыныспен түсіп жатты.

ШҚМУ-дың ғимараттарында орналасқан аумақтық сайлау учаскелері туралы айтар болсақ, олар үшеу – №78,  №90 және №102.

Университетте барлық дауыс беруші студенттер, магистранттар мен колледж оқушыларының саны – 2 955, оқытушылар мен қызметкерлер саны – 703.  

Фото https://cloud.mail.ru/public/3zkN/2cPDhBXJP  

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo