Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтіп, 14 мәселе қаралды.

Психология, педагогика және мәдениет факультетінің деканы Г. Күленова факультеттегі оқу-әдістемелік, тәрбиелік, ғылыми жұмысты жетілдіру туралы баяндады, комиссия төрайымы, академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры И. Стеблецова оны анықтамамен толықтырды.

Стратегиялық даму және ғылыми жұміс жөніндегі проректор И. Ровнякова ЖОО-ның институционалдық және мамандандырылған аккредитацияға дайындығы туралы хабарлады, бас бухгалтер З. Қасенуәлиева ШҚМУ-дың өткен жылғы қаржылық-шаруашылық қызметінің туралы есеп берді, И. Стеблецова элективті пәндер каталогының бекітілуі туралы мәлімдеді.

Оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы Н. Сәдірбекова «Қазақстанның қазіргі тарихы» пәні бойынша МЕК төрағаларының есептерін және мамандықтар мен бейінді пәндер бойынша мемемтихандар бағдарламаларын бекіту туралы ақпарат берді.

Отырыста «Жаңа тәрбие беру технологияларын қолдану туралы» (тәрбие жұмысы жөніндегі проректор А. Толамисов), «ІТ-мамандар даярлау сапасын арттыру туралы» (компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Ж. Жантасова) мәселелер де қаралды.

Университетте фитнесс орталықтың ашылуы туралы спорт клуб жетекшісі Б. Асылбеков, Ж. Ахмеров атындағы оқу кабинетінің ашылуы туралы тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің деканы Ә. Өскембай, Польшадағы «Абай» орталығының, ШҚМУ-да поляк ақыны З. Красински орталығының ашылуы туралы қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының меңгерушісі А. Қартаева хабарлама жасады.

2019 жылғы университет түлектерін жұмыспен қамту туралы еңбекпен қамту маманы А. Раисова хабарлады.

Біліктілікті растау орталығының директоры Б. Келгембаев қосымша білім бағдарламаларын бекіту туралы, сондай-ақ Кәсіби дайындық және біліктілікті арттыру ресурстық орталығын құру туралы баяндады.

Отырысты барлық мәселелер бойынша ұсыныстар жасаған ЖОО ректоры М.Ә. Төлеген түйіндеді.

ЖОО-ның ғылыми атақ алған мына ғалымдарына ректор куәліктерін тапсырды – профессор А.М. Қартаева, Саяси ғылымдар академиясының мүше-корреспонденті Н.Н. Радченко, И.С. Стеблецова, С.Г. Сахириева, сондай-ақ Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс департаментінің жаңа директоры С.Э. Ковалев таныстырылды және оқу орнында 30 жылдан астам еңбек еткен ұстаз Г. Жақияноваға ректордың алғыс хаты табысталды.

Баспасөз қызметі

 

Қазақ
× You found a Typo