Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ Ғылыми кітапханасы халықаралық конференцияда кітап көрмесін ұйымдастырды

Өткен сенбіде, «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның өту барысында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кітапханасы Металлургтер мәдениет сарайында «Түркі әлемінің деректі шежіресі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Аталған көрмеге түбі бір түркі халықтарының келелі мәселелерін қозғайтын кітаптар қойылды. Сонымен қатар, тақырыпқа сай университет ғалымдарының да еңбектері көрменің мазмұнын арттыра түсті.

 Сирек кітаптар қорынан алынған 1883 жылы Ташкент қаласында жарық көрген И. М. Букинның «Русско-киргизский и киргизско-русский словарь», 1881 жылы С.Петербургте А.М. Котоминнің баспасынан шыққан «Приложение к Чертежной книге Сибири, составленной сыном боярским Семеном Ремезовым в 1701 году» сынды кітаптар конференция қонақтарының ерекше назарларын аударып, ілтипатын тудырды.

Көрме жұмысына қызығушылық танытқан конференция қонақтары: ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Суретшілер академиясының академигі Қырым Алтынбеков, ТҮРКІСОЙ-дағы ҚР Мәдениет министрлігінін өкілі Асқар Тұрғанбаев және мәскеулік қонақ, «Музыкальный журнал» басылымының  бас редакторы Галина Скоробогатова   қол таңбаларын қойып өз кітаптары мен журналдарын  кітапханаға сыйға тартты.

А.Нугумарова, ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo