Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ Ғылыми кітапханасы инклюзивті оқытуға жағдай жасауда

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Ғылыми кітапханасы «Жоғары мектептегі инклюзивті білім беру: жағдайы және даму келешегі» аймақтық ғылыми-әдістемелік семинарына «ЖОО-да инклюзивті білім беруді енгізу және осы үрдістегі Ғылыми кітапхананың рөлі» баяндамасымен қатысты.

Кітапхана қоры білім беру бағдарламаларына сай арнайы ақпарат тасығыштармен, мәселен «сөйлейтін кітаптармен» жабдықталуда.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кітапханада бейімделген әдебиеттер қоры жинақталып жатыр. Электронды ресурстарды қашықтықтан қолдану мүмкіндігі де ұсынылуда.

Кітапханада аталмыш санаттағы пайдаланушылар үшін жеке консультациялар жүргізіледі, оқу залынан орындар беріліп, өзге де көмектер көрсетіледі.

Инклюзивті оқуға арналған кітапхана қызметтері:

* электронды каталог арқылы әдебиетке тапсырыс беру

* еріктілер күшімен кітапты таңдау және үйге жеткізу

* басылымдардың электронды көшірмесін жасау

* әдебиет іздеу бойынша кеңес беру

* электронды білім беру ресурстарына тіркелуге көмек көрсету

* электронды кітапханалардан көшіруге көмек көрсету

* түрлі ресурстар бойынша пайдаланушы нұсқаулықтарын жасау

* ғылыми жұмыстарды: рефераттарды, курстық, дипломдық жұмыстарды әзірлеуге және рәсімдеуге кеңес беру

* инклюзивті оқытуға арналған арнайы қор құру

* «Виртуалды анықтама» он-лайн қызметі

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кітапханасы студенттерді, магистранттарды, қызметкерлер мен оқытушыларды инклюзивті тәрбие беру бойынша көрмеге қатысуға шақырады.

Көрме Ғылыми оқу залында (229 дәрісхана) орналасқан.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кітапханасы Сіздерді күтеді!

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo