Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ғылыми кітапханасына жоғарыжылдамдықты сканер алынды

Сақталымдағы құжаттардың түпнұсқасын электронды пішінге аудару мақсатында, университет ғылыми кітапханасы үшін инновациялық кітапханалық А2 сериялы ЭЛАР ПланСкан сканерін сатып алды.

Қордағы басылымдарды цифрлық нысанға көшіріп, электронды көшірмелер деректер базасын толықтыру С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кітапханасының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Атап айтсақ, біздің кітапхананың Сирек кітаптар қорындағы газеттер мен кітаптардың сақталу жағдайы мен пішіні түрлі деңгейде. Сақталымдағы құжаттардың түпнұсқасын электронды пішінге аудару мақсатында, университет ғылыми кітапханасы үшін инновациялық кітапханалық А2 сериялы ЭЛАР ПланСкан сканерін сатып алды. Бұл құрылғыда сканерлеу қол тигізбей – шыныға түпнұсқаны баспай, парақтарды немесе мұқабаны зақымдау қатерінсіз жүргізіледі.

Сканерлейтін жүйе жоғарыда орналасқан, ол сканердің арнайы үстелінің аумағында орналасқан кез келген нысанды өңдей алады. Арнайы анықтау мен баптаусыз, тек қана парақтарды аударып отырса жеткілікті. Цифрлаудың кез келген міндеттерін шешетін, 0,5 секундтық жылдамдығымен А2 форматында сканерлейтін жоғары ажыратымды кәсіптік камерамен жабдықталған. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ғылыми кітапханасы заманның ағымына сай, қордағы құжаттарды сканерлейтін құрылғы алып, даму үстінде.

Т.Устинова, ғылыми кітапхананың сектор меңгерушісі

Қазақ
× You found a Typo