Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ «International Education Fair» халықаралық білім беру көрмесіне қатысады

2017 жылдың 23-24 маусым аралығында Астана қ. Тәуесіздік Сарайында және  26-27 маусым аралығында Алматы қ. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында «Халықаралық білім беру көрмесі» ( International Education Fair) өтеді.

Іс-шара мақсаты әлемдік білім беру кеңістігіне одан әрі ықпалдасу мақсатында  халықаралық ынтымақтастықтың болашағын кеңейту, шетелдік білімді насихаттау, сондай-ақ халықаралық білім беру жобаларын іске асыру аясында тәжірибе алмасу болып табылады.

Көрмеге шетелдік жетекші университеттер (АҚШ, Ұлыбритания, құрлықтық Еуропа, Азия және ТМД елдері), тілдік мектептер, білім беру агенттіктері және халықаралық стипендиалдық бағдарлмалардың өкілдері, сондай-ақ, оқушылар, студенттер, ата-аналар және шетелде оқуға/тағылымдамадан өтуге қызығушылық білдірген басқа да тұлғалар қатысады.

Көрмеде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті ұсынылатын болады.

Алматы және Астана қ. көрмеге  қатысуға ниет білдірушілер, халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласыңыздар.

Барлық сұрақтар жөнінде халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласыңыздар. Тел.: 24-16-97.

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі

Қазақ

Tags:

× You found a Typo