Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ инженерия және технологиялар кафедрасында студенттерді қабылдау кеші өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті инженерия және технологиялар кафедрасында 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен 1 курс білімгерлерін қабылдау іс-шарасы өтті.

Студенттер қатарына қабылдау рәсімінде факультет деканының орынбасары Санат Құмарбекұлы, инженерия және технологиялар кафедрасының меңгерушісі, Т. Қуанышбеков құттықтау сөз сөйледі.

Жоғарғы курс студенттері бірінші курс студенттерін  құттықтап қана қоймай, оларға университеттің ішкі тәртібін сақтап, жақсы оқуға ант қабылдатып, сыйлықтар табыс етті.

Ойындар ұйымдастырылып, мереке көңілді өтті.

Инженерия және технологиялар кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo