Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ қабылдау комиссиясы шығармашылық білім беру бағдарламаларына өтінім мен құжаттарды қабылдайды

ШҚМУ қабылдау комиссиясы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті  20 маусым мен 7 шілде аралығында келесі шығармашылық білім беру бағдарламаларына (мамандықтарына) өтініштер мен құжаттарды қабылдайды және 8-13 шілде аралығында әрбір мамандық бойынша 2 шығармашылық емтихан өткізеді:

1. Дене мәдениеті  және спорт.

2. Сауықтыру дене мәдениеті.

3. Бастапқы әскери дайындық.

4. Музыкалық білім беру.

5. Кәсіптік оқыту, көркем еңбек және графика.

6. Журналистика.

7. Дінтану-философия.

Әрбір шығармашылық емтихан бойынша ең жоғары көрсеткіш саны 40 балл; ең төменгі-5 баллдан кем емес боуы қажет.

Талап етілетін құжаттар тізімі:

1. Жеке куәлік (көшірмесі).

2. Диплом қосымшасымен (түпнұсқа).

3. ҰБТ сертификаты (2020 жылғы қаңтар айының) - ақылы оқуға түсетін мектеп түлектері үшін,  сертификатта ҰБТ пәндері бойынша: 1) Қазақстан тарихы - 5 баллдан кем емес; 2) Оқу сауаттылығы – 5 баллдан кем емес.

4. ҰБТ сертификаты (2020 жылғы маусым айының) - 2020 жылғы 13-20 шілде аралығында  республикалық мемлекеттік білім беру грантының конкурсына үміткер ретінде қатысатын мектеп түлектері үшін және сертификатында келесі пәндер бойынша ҰБТ баллдары: 1) Қазақстан тарихынан - 5 баллдан кем емес; 2) Оқу сауаттылығынан – 5 баллдан кем емес көрсеткіштері бар.

5. ҰБТ сертификаты (маусым айы) – күндізгі оқу түріне түсетін, 2020 жылғы 13-20 шілде аралығында республикалық мемлекеттік білім беру грантының конкурсына үміткер ретінде қатысатын колледж  түлектері үшін және ҰБТсертификатында арнайы емтиханнан  - 5 балдан кем емес көрсеткіші бар болған жағдайда.

6. 086 у нысанындағы медициналық анықтама.

7. 3х4 көлеміндегі фотосурет – 6 дана.

8. Бар болған жағдайда келесі құжаттар қосымша ұсынылады:

- "Дене мәдениеті және спорт", "Сауықтыру дене мәдениеті" білім беру бағдарламаларына (мамандықтарына) түсетін талапкерлер үшін - "Спорт шебері" немесе "Спорт шеберіне кандидат", республикалық және халықаралық жарыстардың 1,2,3 дәрежелі дипломдары, республикалық, халықаралық жарыстардың чемпионы атағын беру туралы куәліктер мен құжаттары;

- "1,2 топтағы мүгедек", "Бала кезінен мүгедек, мүгедек-балалар" жағдайын растайтын анықтамалар;

- "Жетім балалар", "Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар" жағдайын растайтын құжаттар;

- отбасы құрамы туралы анықтама, "Көп балалы отбасынан шыққан"," Арнайы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан" жағдайын растайтын құжаттар және т. б.

Өтініш пен құжаттар тапсыру үшін:

1. www.vkgu.kz  сайтында "Талапкерлерді тіркеу" терезесінде тіркеліп,  келесі ұялы телефон нөмірлеріне хабарласу қажет: телефон: 87771741266 (Елена Анатольевна); 87777098388 (Анара Атымбековна);

2. 2020 жылдың 7 шілдесіне дейін 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34  мекен-жайы бойынша қабылдау комиссиясына құжаттардың түпнұсқаларын тапсыру керек.

Call-орталық: 540-812; 540-144; 87013457689; 87777098388; 87772826092.

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы 

 

Қазақ
× You found a Typo