Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ қалалық ақындар мүшәйрасын өткізді

Дәстүрлі жыр кешін биыл ШҚМУ химия кафедрасы Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана жанынан құрылған «Шабыт» ақындар орталығымен бірлесіп қалалық деңгейде «Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты» атауымен өткізді.

Ақындар мүшайрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде қазақ тіл білімінің негізін салушы, түрколог С. Аманжоловтың 115 жылдығына және Өскемен педагогикалық институтының бұрынғы ректоры, ШҚМУ құрметті ректоры Ю. Уәлиевтің 95 жылдығына арнады.

Сайысында жас ақындар өз туындыларын ортаға салды. Химия кафедрасының доценті Зухра Дәуітова, «Шабыт» ақындар орталығының жетекшісі Қызырбек Дүргінбай, журналист Құмар Зиятхан қазылық еткен бәйгеде «Шабыт» ақындар мектебінің қатысушысы Естай Жаңабай бірінші, химия мамандығының 3 курс студенті Ақбота Аманбекова екінші, Қазақстан-Американ еркін университетінің студенті Құндыз Тасқынбек үшінші орынды жеңіп алды.

С. Аманжолов атындағы жүлдені қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4 курс студенті Данагүл Исағұлқызы, Ю. Уәлиев атындағы жүлдені химия мамандығының 1 курс студенті Балауса Әмірханова қанжығаларына байлады. Жеңімпаздар дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Поэзия кешінің 2016, 2017 жылғы жеңімпаздары Жекей Дәулеткелді, Күнтуған Алтынқадыс, Оразай Жеңісұлы жырдан шашу шашып, ұйымдастырушылар мен қатысушыларға жылы лебіздерін білдірді.

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің деканы Досым Ерболатұлы жыр додасына сәттілік тілеп, факультет студенттері әсем әндерімен әрледі.

Мамандықтары химик болса да, поэзияны хоббиі еткен Ақбота мен Балаусаға «Шабыт» ақындар мектебінен тәлім алып, өнерлерін шыңдауға ұсыныс жасалды.

С.Оразова,

жоба авторы, химия кафедрасының аға оқытушысы

Қазақ
× You found a Typo