Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ «Қазығұрт» спорттық-сауықтыру орталығында Арыс балаларына арналған жазғы демалыс ұйымдастырды

Әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсету мақсатында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Арыс қаласының балаларын жазғы сауықтыру мен оңалтудың ауқымды бағдарламасын әзірлеп отыр.

Балалар қарым-қатынас қабілеттерін жетілдіру, әлеуметтену тренингтеріне қатысып, туған өлкенің табиғаты туралы мәліметтер алады, туристік дағдыларды меңгереді. «Қазығұрт» спорттық-сауықтыру орталығы Түркістан облысы Қазығұрт ауданында, ұлттық табиғи қорық маңында орналасқан.

Балалар екі апта бойы табиғат аясында демалады. Бүгінде оларға психологиялық оңалту қажет, орталықта осы орайда барлық жағдайлар жасалған.

Арыс балаларын тегін демалдырту туралы шешімді ШҚМУ ұжымы Ғылыми кеңесте бірауыздан қабылдады. Бұдан бұрын университет ғалымдары, оқытушылары, қызметкерлері біркүндік жалақыларын қала тұрғындарына көмек ретінде аударған-ды. Бұл еліміздің тұтастығын, халқымыздың ауызбіршілігін тағы бір мәрте паш етті.

Ректорат 

Қазақ
× You found a Typo