Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ кітапханасына фольклор бойынша кітаптар топтамалары келіп түсті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғылыми кітапханасы 10 томдық «Дала фольклоры антологиясының» алғашқы 5 томымен толықты.

Көрмеге «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтынан келіп түскен 10 томдық «Дала фольклоры антологиясының» алғашқы 5 томы, үш томдық «Ұлы даланың көне сарындары» антологиясының 1-ші томы, бес томдық «Ұлы дала жауһарлары» сериясы «Ежелгі дәуір әдебиеті» антологиясының 1-ші томы қойылған.   

«Дала фольклорының антологиясының» алғашқы бес томына түрлі қолжазба нұсқалары және алдыңғы басылымдармен мұқият текстологиялық және салыстырмалы зерттеу нәтижесінде іріктелген таңдамалы фольклорлық шығармалар кірді. Бірінші томға архаикалық және батырлық эпостар, екінші томға «Қырық Қырым батырлары» циклынан эпостар, үшінші томға тарихи әңгімелер, төртіншіге лироэпос, бесінші томға дастандар енгізілген. Әр том қысқаша аннотациядан басталады, соңында орыс және ағылшын тілдерінде пікірлер мен түйіндемелер орналастырылған. Ақ-қара және түрлі-түсті иллюстрациялар, фотосуреттер мен факсимелдер, басты кейіпкерлердің бейнелі портреттері және алғашқы рет қазіргі заманғы орындаушылардың орындауында ноталық қосымшалар енгізілген.

Мәтінде кездесетін араб, парсы, түркі сөздеріне жолма-жол  аударылған түсіндірмелер берілген.  Антологияға енгізілген Этнографикалық сөздіктің әр термині көркем безендірілген. М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты сайтында кітаптың электронды және аудио нұсқалары бар. Оған мұқабада көрсетілген QR код арқылы қол жеткізуге болады.

Шығармаларды дыбыстауға дәстүрлі музыканың үздік орындаушылары, оның ішінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының оқытушылары мен студенттері тартылды, сондай-ақ өңірлердегі түрлі өнер мектептерінің орындаушылары қатысты.

«Ұлы даланың көне сарындары» 

Бірінші томда музыкалық фольклордың жарқын үлгілері, оның ішінде  көне наным-сенім, үйлену және азалау ғұрпының сарындары, балалар фольклоры, дәстүрлі ән өнері – халық әндері және кәсіби әнші-композиторлардың туындылары енді. Көне сарындар мен ұлттық музыкамыздағы таңдаулы үлгілер белгілі өнерпаздардың орындауында  нотаға түсіріліп, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі ғылыми-танымдық түсініктемесімен берілген.

«Ұлы дала жауһарлары» сериясы Ежелгі дәуір әдебиетінің антологиясы.

Ежелгі дәуір әдебиеті антологиясының 1-ші томына ежелгі дәуір әдебиетінің исламға дейінгі әдеби жәдігерлерінің таңдаулы шығармалары еніп отыр. Антология студенттерге, қалың оқырман қауымға арналған.

ШҚМУ Ғылыми кітапханасы оқырмандарды ғылыми оқу залындағы (№1 оқу ғимараты, 229 дәрісхана) жаңа кітап көрмесіне шақырады!

Л.Ершова,

Ғылыми кітапхана

 

Қазақ
× You found a Typo