Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ кітапханасында 1 миллионнан астам кітап бар

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғылыми кітапханасының кітап қоры бүгінде 1 068124 дананы құрап отыр.

Кітапханада оқу-әдістемелік, техникалық, анықтамалық және жалпы әдебиет, түрлі мерзімдегі басылымдар, баспа және электронды басылымдар бар.

Кітапхана ресурстарына электронды түрде қол жеткізу үшін, университет сайтының парақшасында http://portal.vkgu.kz сілтемесі арқылы өту қажет.

Сонымен қатар, университет студенттері Республикалық ЖОО аралық электронды кітапхана қызметін; WebofKnowledge  ғылыми-зерттеу платформасын; Elsevier  компаниясының ресурстарын; SciVerse, ScienceDirect базасын; Ресей мемлекеттік кітапханасының диссертациялар мен авторефераттар виртуалды электронды кітапханасын; Қазақстанның ұлттық электронды кітапханасын және т.б. пайдалана алады.

ШҚМУ кітапханасы барлық оқу ғимараттарында бар. Кітапхана желісі университеттің бас корпусы кітапханасының барлық құрылымдық бөлімшелерінің 150 компьютерін және басқа оқу ғимараттарының кітапханалары - филиалдарын біріктіреді, ал кітапхананың оқу залында студенттерге терминал сыныбы ұйымдастырылған - ғаламторға қосылудың және университеттің ресурстарының ақпарат алу жылдамдығын қамтамасыз ететін жаңа түрі.

Құжаттарды өңдеудің барлық процесі «IRBIS-64» АЖ көмегімен автоматтандырылған. Бүгінгі таңда кітапхананың электронды және картотекаларында ақпараттарды іздеу үшін библиографиялық жазбалар жасалуда. Кітапхананың электронды каталогында «Кітаптар» (85075), «ШҚМУ ғалымдарының еңбектері» (11981), «Мақалалар» (38374), «Сирек қор» (9690), «Электронды толық мәтінді құжаттар кітапханасы - Руханият» (1636) мәліметтер базасы бар. «Әлеуметтік тарих» ДБ, «ШҚМУ жарияланымдарының мұрағаты» және т.б. каталогты университеттің корпоративті желісінде және ғаламторда http://library.vkgu.kz. сілтемесі бойыншакітапханасының сайтында орналастырылған.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo