Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ кітапханасында Ә. Әлімжанов пен М. Әуезовтің кітаптары бойынша көрме ашылды

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында кітапханада биыл таңдалып алынған Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы мен Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша тақырыптық көрме ашылды.

Әдеби акция Қазақстанда 14-ші рет өтіп отыр.

Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы бізді орта ғасыр дәуіріне жетелейді. Оқиғалар орта Азия мен Таяу Шығыс қалаларында өрбиді. Бұл жерде шығарманың басты кейіпкері – әл-Фараби өз философиялық трактаттарын жазған.

Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы – қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтерген туынды. Бұл романның оқиғаларды тізбектеп сипаттауына да, эстетикалық талғамы мен көркемдік қуатына да жететін шығарма жоқтың қасы. Егер «Абай жолы» эпопеясының барлық кітаптары қазақ халқының жарты ғасырлық өмірін сипаттаса, оның әрбір кітабы Абайдың рухани-адамгершілік жетілуінің белгілі бір кезеңін бейнелейді.

Баршаңызды «Ұстаздың оралуы» романы мен «Абай жолы» роман-эпопеясы оқуға шақырамыз!

Көрме өтетін орын: №1 оқу ғимараты, 303, 103 дәрісханалар.

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo