С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғылыми кітапханасында Өскемендегі оқу орындары кітапханашыларына арналған «Инклюзивті білім беру. Ақпараттық-библиографиялық сүйемелдеу» семинары өтті.
Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының аға оқытушысы Жанар Смаилова семинарға спикер болды, ШҚМУ кітапханасының бөлім меңгерушісі С. Самойлова инклюзивті білім беруді ақпараттық-библиографиялық сүйемелдеу туралы баяндама жасады.
Қатысушылар педагогтар мен студенттердің мүгедектермен жұмыс істеуге дайындау үшін жағдайлар жасау, оқу орындарында бірыңғай инклюзивті ақпараттық-білім беру кеңістігін құру мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасты.
Көрмеде инклюзивті білім беруге арналған кітаптар, журналдар, электронды ресурстар ұсынылды.
Баспасөз қызметі