С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғылыми кітапханасының қызметкерлері облыс мектептері кітапханашыларына арналған «Абай – идеялардың ашық әлемі: тәжірибеден іске» семинар-практикумына қатысты.
Әдістемелік жұмыс және автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі С. Самойлова «ABAI DIGITAL» (www.abai.vkgu.kz) мобильді қосымшасын таныстырды, ал Л. Ершова ШҚМУ-дағы сирек кітаптар қоры туралы айтып, сондағы Абайға қатысты деректерді ұсынды.
Қызметкерлеріміздің баяндамаларына қызығушылық артып, қатысушылар мобильді қосымша туралы сұрақтар қойды.
ШҚМУ кітапханашылары іс-шараны ұйымдастырған облыстық балалар кітапханасына алғыс білдіреді!
Баспасөз қызметі