Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ колледжінің студенттері «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылауға қатысты

ШҚМУ-да «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылау бойынша Жоғары колледж оқытушыларымен және студенттерімен «дөңгелек үстел» өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен шараға «құқықтану» мамандығының студенттері мен оқытушылары қатысты. «Дөңгелек үстелдің» модераторы тәрбие жұмысы жөніндегі проректор И.В. Ровнякова болды.

– Студенттеріміз жаңа оқулықтармен танысу мүмкіндігіне ие болып отыр. Олар жоба аясында шыққан гуманитарлық бағыттағы (философия, әлеуметтану, психология және т.б.) оқулықтарға айырықша қызығушылық танытуда, – деді С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген іс-шара барысында. – Аталмыш ғылымдар жастар үшін аса қызықты, сол себепті студенттеріміз электронды оқулықтарды онлайн-портал арқылы оқиды.

Естеріңізге салсақ, бүгінде жоба аясында қазақ тіліне философия, әлеуметтану, экономика, мәдениеттану бағыттарындағы 18 шетелдік оқулық аударылған.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo