Өскеменде «Біз жастармыз – біз таңдаймыз!» қалалық пікірсайс турнирі өтті, оған қаладағы ЖОО-лар мен колледждерінің заңгер-студенттері қатысты.
«Қазақстандық халықаралық құқықтық ынтымақтастық қоры» ҚҚ, облыстық сайлау комиссиясы, С. Аманжолов ШҚМУ ұйымдастырған сайысқа 6 команда қатысты
Өскемен қаласының командалары арасында 1 орынды ШҚМУ-дың «Юристики» командасы, 2 орынды «Лидеры КАСУ» командасы, 3 орынды ШҚМУ-дың «Цицерон» командасы иеленді.
Өскемендік колледжер арасында 1 орынды ҚАЕУ Жоғары колледжінің командасы, 2 орынды ШҚМУ Жоғары колледжінің «Фемида» командасы, 3 орынды Өскемен экономика және қаржы колледжінің командасы алды.
«Юристики» командасының капитаны, ШҚМУ студенті Ерболат Кемаладин үздік спикер атанды.
Жеңімпаздар құнды сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.
Баспасөз қызметі