«ALTAI» телеарнасының 60 жылдығы аясында пейнтболдан, пневматикалық мылтықтан оқ ату эстафетасынан және садақ атудан 8 команда арасында сайыс болып өтті.
Сайысқа арнаның іскер серіктестері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Шараны арна басшылығы мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды.
Ректор Мұхтар Төлеген бастаған С. Аманжолов атындағы ШҚМУ командасы да сайыстарға қатысып, қорытындысында 1 орынды иеленді!
Шара соңында ШҚМУ мен телеарна командалары пейнтболдан жолдастық кездесу өткізді.
Толық репортажды мына сілтеме арқылы көруге болады https://cloud.mail.ru/public/2Ea3/b2QYpupD3
Баспасөз қызметі