Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ командасы республикалық «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің олимпиадасынан жүлделі 1 орынға ие болды

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ командасы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттері «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен өткен Республикалық  олимпиадада жүлделі 1 орынды иеленді.

9-10 сәуір күндері Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен республикамыздың жоғары оқу орындарынан 22 команда қатысты. Университетіміздің жеңіс туын көтерген 3 курс студенттеріміз өздерінің терең теориялық білімдерімен, ғылыми ізденіс, терең эрудицияларымен, методикалық шеберліктерімен ерекше көзге түсіп, бәрінен оза шықты.

Бүкіл Республиканың алдында біздің университетіміздің мерейін көтерген 3 курс студенттері Алдаберген Құралай Президент Қорының степендия иегері, Президент атындағы стипендия иегері,  Қабиолдина Еңлік «Жылдың үздік әдебиетшісі» (2017), Толымханова Гафура «Жылдың үздік филологы» (2018) жеңіс кубогын Шығысқа қарай бұрды.  

Студенттерге жан-жақты білім беріп, олимпиадаға дайындаған кафедра оқытушыларына, команданы бастап жетекшілік етіп барған кафедраның аға оқытушысы Барбосынова Қарлығаш Түркістанқызына шексіз алғыс айтамыз. 

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo