Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы жастардың рөлі» тақырыбында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ және Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттері арасында дебат өтті.
Қазылар алқасы ретінде Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ білім беру технологияларын дамыту және сапасын бағалау орталығының аға ғылыми қызметкері Мадина Юсубалиева, ШҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Жанна Әубәкірова, Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы БАҚ бөлімінің басшысы Асхан Таттімбек шақырылды.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұйымдастырылған дебат жастардың белсенді азаматтық айқындамасын қалыптастыру, студенттердің көшбасшылық қасиеттерін, айтыс-таласта сөйлеу мәдениетін дамыту, дебат қозғалысын насихаттау мақсатында өтті.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері сайыс жеңімпаздары атанып, барлық пікірталасқа қатысушылар мақтау қағаздарымен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Аталмыш іс-шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
М.Шүршітбай