С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да қосдипломды білім беру аясында Алтай мемлекеттік университетімен және Томск мемлекеттік университетімен 4 бірлескен білім беру бағдарламасы іске асырылуда.
Ынтымақтастық «Экологиядағы және табиғат пайдаланудағы математикалық әдістер мен ақпараттық технологиялар», «Заманауи ғылыми танымдағы тарихи зерттеулер», «Әлеуметтік және экономикалық үрдістерді басқарудағы ақпараттық технологиялар», «Көші-қон зерттеулері» білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
Озық шетелдік серіктес университеттермен қосдипломды білім беруді кеңейту есебінен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ отандық бағдарламалардың сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндетін шешеді.
Баспасөз қызметі