Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ қосымша академиялық кезең аясында 28 магистрді дайындады

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да қосымша академиялық кезеңді бітіру туралы куәліктер тапсырылды.

2019-2020 оқу жылының 1 семестрінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ қосымша академиялық кезең аясында 28 магистрді дайындады.

Сабақтарды университеттің басты оқытушылары – п.ғ.д. Н. Завалко, филос.ғ.к. Е. Сейтембетов, п.ғ.к. Н. Радченко, PhD докторы М. Нықмұқанова, ф.-м.ғ.к. Ергалиев Е.К., т.ғ.к. А. Қадырова, б.ғ.к. А. Кітапбаева, э.ғ.к. А. Апышева, з.ғ.к. А. Сәбитова, пс.ғ.к. С. Стельмах жүргізді.

26 желтоқсанда бейіндік бағыттағы магистратура түлектеріне қосымша академиялық кезеңді бітіру жөніндегі куәліктер тапсырылды.

Тапсыру салтанатына оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Д. Ерболатұлы, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі бастығының м.а. Т. Абылайханова, бөлімдер мамандары және кафедра оқытушылары қатысты. Түлектерге тілек сөздер айтылды.

Сөз соңында түлектер педагогикалық қызметпен айналысуға ұсынылған мүмкіндік үшін, курстың сапалы ұйымдастырылуы үшін университет басшылығына, оқытушыларына алғыс білдірді.

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Магистратура» стандартына сәйкес бейіндік магистратураны бітірген магистрге педагогикалық іс-тәжірибеден өту және педагогикалық бейіндегі пәндер топтамасын меңгеру жағдайында ғана ғылыми және педагогикалық қызметпен айналысуға болады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo