С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де жаңа оқу жылында 6 білім беру бағдарламасында дуальді оқыту жүйесін енгізу жоспарлануда.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де ағымдағы оқу жылында ЖОО-да практикалық-бағдарланған оқытуды күшейту мақсатында 21 білім беру бағдарламасына дуалды оқыту элементтері енгізілді, бұл алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда төрт есе көп.
Жаңа оқу жылында алты оқу бағдарламасында дуалды білім беру енгізіледі: 6В01601 «Тарих», 6B02202 «Тарих және цифрлық гуманитаристика», 6В01702 «Орыс тілі және әдебиеті», 6В01507 «Химия – Биология», 6В01505 – «Биология», 6В04201 – «Заң».
Тәжірибелік-бағдарлы мамандарды даярлау университетте кәсіби практика арқылы да жүзеге асырылады. Университет қала мен облыстың кәсіпорындарымен, ұйымдарымен және мекемелерімен 405 келісімшарт жасады. Салыстыру үшін: өткен оқу жылында 360 келісімшарт жасалды.
Баспасөз қызметі