Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ құрамасы көпсайыстан жүлде алды

1 наурызда Павлодарда Қазақстанның VII қысқы Универсиадасы басталды, оған спорттың 11 түрі енгізілген.

1-4 наурыз аралығында қысқы президенттік көпсайысқа қатысушы студенттер жарысқа шықты. Көпсайыс бағдарламасында пневматикалық мылтықтан оқ ату, тартылу және шаңғы жарысы (5 км) бар.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ құрамасы «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының мына студенттерінен тұрады: Никита Соколов (СШК), 1 курс,  Ахат Қаматаев (СШ), 1 курс, Егор Павленко (СШ), 1 курс, Ерасыл Қабдуәлиев (СШК), 4 курс.

Ел жоғары оқу орындарының 13 командасы қатысқан тартысты күресте біздің жігіттер 3 жүлделі орынды жеңіп алды. Алға Қостанайдағы ҚМПИ (2 орын) және петропавлдық Қозыбаев атындағы СҚМУ (1 орын) командалары түсті.

Жеке есепте 52 сайысқа қатысушы арасынан 1 курс студенті Ахат Қаматаев қысқы универсиаданың қола жүлдегері атанды.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дан универсиадаға қатысушы спортшыларымыз енді армрестлинг, қысқы бағдарлау және гір спорты бойынша күш сынысады.

О. Кривко, спортклуб

Қазақ
× You found a Typo