Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ құрылымдарының жетекшілері азаматтық қорғаныс курстарынан өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да университеттің басшылық құрамына арналған азаматтық қорғаныс бойынша оқыту курстары аяқталды.

Оны Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар штабы мен Біліктілікті бекіту орталығы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің оқу орталығы мамандарын тарта отырып ұйымдастырды.

Курстардың мақсаты – төтенше жағдайлардағы іс-қимыл дағдыларын үйрету. Оларға факультеттер декандары, Жоғары колледж директоры, құрылымдық бөлімшелер жетекшілері, оқу корпустарының коменданттары және Студенттер үйлерінің меңгерушілері қатысты.

Түрлі тақырыптардағы оқыту курстарын 9-10 сәуірде Біліктілікті бекіту орталығында ТЖД Оқу орталығының қызметкерлері А.Бажұминов және Д.Сембаев өткізді.

Тыңдаушыларға дайындықтан өткендіктері туралы сертификаттар табыстады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo