Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ қызметкері білім саласы баспасөз хатшыларының семинарына қатысты

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «ALTAI JASTARY» медиа орталығының баспасөз хатшысы Н.Т. Чыншаева Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған семинар-тренингке қатысты.

Білім және ғылым саласындағы 100-ге жуық баспасөз хатшысының бір алаңда танысып, пікір алмасып, тəжірибе жинақтауына ұйытқы болған – білім жəне ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. Нұр-Сұлтан қаласының ЭКСПО ғимаратындағы «Astana Hub» IT стартаптарының халықаралық технопаркінде өткен семинар-тренингке ғылыми-зерттеу институттарының, министрлікке қарасты білім беру ұйымдарының, облыстық білім басқармаларының, жоғары оқу орындарының баспасөз хатшылары қатысты.

Білім саласында болып жатқан ғылыми-ақпараттық жаңалықтарын аудиториясымен, БАҚ өкілдерімен, əлеуметтік желімен бөлісуге бірінші болып асығатын – баспасөз хатшылары. Осы бір маманның ақпаратты барынша нақты əрі сауатты ұсынуына кеңес беріп, тəжірибе жинақтау үшін танымал болгер Өркен Кенжебек пен медиа жаттықтырушы, блогер Яков Федоров өз жұмыс істеу тəсілдерімен бөлісті. Іс-шараның мақсаты қазіргі заманғы баспасөз қызметінің функциялары мен әдістерін білу, БАҚ-тың өкілдерімен тиімді қарым-қатынас жасауға дайындау болды.

 Тренинг барысында жеке жəне ұйымның парақшаларын жүргізу, БАҚ заңдары мен ұстанымдарын үнемі ескеру, қарама-қайшылық жəне мəселе туындаған жағдайда жедел түрде байланысқа шығып, жауап беру керектігі баса айтылды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo