Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ қызметкері кітапханашылар съезіне қатысты

13-14 қыркүйекте еліміздің Ұлттық кітапханасында Астананың 20 жылдығы аясында «Кітапхана – қоғамның көпфункцияналды, көпдеңгейлі әлеуметтік институты» қазақстандық кітапханашылар съезі өтті. Бұл шараға ШҚМУ ғылыми кітапханасының қызметкері С. Аманғұлова қатысты. 

Съезд барысында аймақтық, ғылыми, техникалық, жоғары оқу орындары және мектеп кітапханаларының мамандары, мемлекеттік органдар өкілдері кітапхана ісін оңтайландыру, кітапхана қорларын цифрландыру, ақпараттың  қолжетімділігін заңнамалық қамтамасыз ету және басқа да мәселелерді қарастырды.

Съезде кітапхана директорларының отырысы, тақырыптық секциялық кездесулер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, кітапхана саласының жетекші шетелдік мамандарының қатысуымен фокус-тренингтер, шеберлік сыныптары, тәжірибелік сабақтар өтті.

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo