Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ қызметкері Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Университеті базасында жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын әзірлеушілерге арналған семинар-тренингке қатысты

Нұрсұлтан қаласындағы Назарбаев Университетінің базасында «Білім беру бағдарламаларын (curriculum design) және силлабустар (syllabus design) әзірлеу» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Семинардың мақсаты - жоғары оқу орындарында академиялық саясаттың тиімділігін арттыру үшін кәсіби дағдылар мен құзыреттілікті дамыту. Семинар стратегиялық сессия, интерактивті пікірталас, тренинг, жобалық топтардағы жұмыс форматында өтті.

Семинар-тренингтің бірінші күні Назарбаев Университеті Провост офисінің институционалдық тиімділік жөніндегі бас директоры Данкан Пристли, Назарбаев Университетінің провост офисінің бас менеджері Айжан Мусина және провост офисінің аға менеджері Әлия Сүлейменова қатысты. Семинар-тренингтің екінші күні КИМЭП Университетінің жалпы білім беру бағдарламасының деканы Хезер Энн Макколлум және КИМЭП университетінің Гуманитарлық ғылымдар және білім беру факультетінің деканы Жұлдыз Смағұлова тренинг өткізді.

Семинар барысында білім беру бағдарламаларын (curriculum design) және силлабустарды (syllabus design) әзірлеу тәсілдерін анықтау, бағалау, оқыту және білім беру әдістерімен оқыту нәтижелерін келістіру мәселелері талқыланды. Қатысушылар бағдарламаның жұмыс берушілердің сұраныстарын қалай бейнелейтіндігі, оқытудың қандай нәтижелерін міндетті түрде қосу қажеттігі, оқытудың қандай әдістері мен стратегияларын қолданатындығы және студенттерді қалай бағалайтындары, бағдарламаны қайта қарау және жаңарту циклі қалай ұйымдастырылатыны, бағдарламаның түлектері не білуі тиіс, олар не істей білуі тиіс, оқыту нәтижелерін өлшеу, бағдарлама дизайнының принциптері туралы, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қандай әлеуметтік және саяси факторлар әсер ететіні, бағдарламаларды және т. б. сұрақтар төңірегінде ой бөлісті.

Сондай-ақ білім беру бағдарламаларын Реестрге енгізу кезінде жиі кездесетін қателер және білім беру бағдарламаларын Реестрде одан әрі жаңарту мәселелері талқыланды.

Семинар үлкен қызығушылық тудырып, қатысушылар ұсынылған материалдардың мазмұндылығы мен практикалық маңыздылығын атап өтті.

Семинар-тренинг материалдары бойынша С. Аманжолов атындағы ШҚМУ білім беру бағдарламалары жетекшілерімен оқыту семинары жоспарлануда.

Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қолдау бөлімі

Қазақ
× You found a Typo