С.Аманжолов атындағы ШҚМУ тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің мәдени ұйымдастырушысы Ерлан Қалиасқарұлы Чукатаев «Жеңіс үшін рақмет!» ашық бүкілресейлік интернет-фестиваль байқауына қатысуда. Ол өзінің «Соғыстың соңғы жауынгеріне» өлеңімен «Авторлық өлеңдер мен проза» номинациясында бақ сынап көрмек.
«Жеңіс үшін рақмет!» ашық бүкілресейлік онлайн-фестивалі конкурсының ұйымдастырушысы – «Бірінші арна. Бүкіләлемдік желі» АҚ (Мәскеу қ.).
Байқаудың мәні – әдеби немесе музыкалық шығармаларды (әндер, өлеңдер, каверлер, проза) ұсыну және оларды орындау.
Финалистер мен жеңімпаздар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған концерттің бағдарламасына енгізілуі мүмкін.
Байқау 9-сәуір мен 8-мамыр аралығында өтеді.
Жеңімпаз онлайн дауыс беру арқылы анықталады.
Онлайн дауыс беру spasibo.pobeda.tv сайтында жүзеге асырылады.
Сілетемесі – spasibo.pobeda.tv https://spasibo.pobeda.tv/index?n=poetry_author#list
Біздің қатысушымызға дауыс беріңіздер!
Баспасөз қызметі,
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі