ШҚМУ биология және өсімдіктер биотехнологиясы зертханасының ғылыми қызметкерлері Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері күніне арналған облыстық іс-шараға қатысты.
Іс-шараны облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ұйымдастырды.
ШҚМУ қызметкерлері картоп, топинамбур, бүлдірген сұрыптарының түржиынын және тұқым шаруашылығының төрт дәрежелі жүйесін ұсынды.
Университет көрмесі шаруалардың қызығушылығын туғызды.
Баспасөз қызметі