Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының қызметкерлері ресейлік «Студенттердің және түлектердің іс-тәжірибесі мен жұмысқа орналасуы: уақыт сынақтары» конференциясына қатысты.
Қазіргі эпидемиологиялық жағдай іс-тәжірибені және жұмысқа орналастыру процестерін ұйымдастыруда көптеген қиындықтар туғызды.
Конференцияда ресейлік университеттердің өкілдері – МГИМО, РУДН, Новосібір мемлекеттік университеті және т.б. өз қызметтерінде қолданатын құралдармен және әдістермен бөлісті.
Сонымен қатар, конференция аясында шешуді қажет ететін өзекті мәселелер талқыланды.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы