Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ қызметкерлері мемлекеттік наградалар иеленді

Ғылыми кітапхана директоры Перизат Күзембайқызы Нұралиеваны білім саласындағы ерен еңбегі үшін білім министрі Е. Сағадиев «Білім саласының құрметті еңбеккері» кеуде белгісімен марапаттады.

Физика және технология кафедрасының доценті Гүсім Сафуанқызы Бектасова Тәуелсіздіктің 25 жылдығы медалімен марапатталды.

Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаттарын физика және технология кафедрасының доценті Бейсен Қалауұлы Ахметжанов, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Елена Николаевна Егоренкова, экономика және құқық факультетінің деканы Ардақ Ғабитқызы Мұхамедиева, психология, педагогика және мәдениет факультетінің деканы Гүлнара Борисқызы Күленова, жаратылыстану ғылымдары және технология факультетінің деканы Нұрлыхан Мұқанұлы Темірбеков алды.

Сонымен қатар, БҒМ Құрмет грамотасын Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Альбина Советқызы Жанбосынова, математика кафедрасының меңгерушісі Мұратқан Нәбенұлы Мадияров, химия кафедрасының доценті Роза Әбіләкімқызы Әубәкірова, музыка кафедрасының аға оқытушысы Уатхан Жүнісов иеленді.

Мұнымен қоса, БҒМ республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы ғылыми кітапхананың бөлім меңгерушісі Р.В. Штракқа және кітапханашысы С.С. Аманғұловаға грамоталар табыстады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo