Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ қызметкерлері НЗМ мұғалімдері мен оқушыларын ғылыми жобаларды бірлесе атқаруға шақырды

ШҚМУ базасындағы Сандық технологиялар және модельдеу зертханасының ғылыми қызметкерлері А. Тілебалдинова мен Н. Әбдеқанова Өскемен қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде болып, оқушылармен кездесті.

Кездесу мақсаты – ғылымға қызығушылық танытқан оқушыларды Сандық технологиялар және модельдеу зерханасымен, Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасымен бірлесіп жұмыс атқаруға шақыру. Кездесу мектептегі информатика-математика апталығы аясында ұйымдастырылған. А. Тілебалдинова Сандық технологиялар мен модельдеу зертханасының ғылыми бағыттары жайлы таныстырып, қолға алынып жатқан жобалар туралы мәлімет берді.

Сонымен қатар, Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы ұйымдастырған үйірмелермен таныстырды. Ал Н. Әбдеқанова Natural Language Processing бағыты бойынша жүзеге асырылып жатқан «Технология автоматического построения концепт-карт для задач e-learning» жобасы аясындағы зерттеу жұмысының бір бөлігін көрсетті.

Кездесу соңында қызметкерлер Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері мен оқушыларын ғылым жолында бірлесе қызмет атқаруға шақырды.

Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы, 

Сандық технологиялар және модельдеу зертханасы

Қазақ
× You found a Typo