Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ қызметкерлері ШҚМТУ –дың 60-жылдық мерейтойында дөңгелек үстелге қатысты

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кітапханасының қызметкерлері Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ Ғылыми кітапханасында өткен аймақтық дөңгелек үстелге қатысып қайтты.

25 қыркүйекте С. Аманжолов атындағы ШҚМУ кітапханасының қызметкерлері Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ Ғылыми кітапханасында ұйымдастырылған «Кітапхана, жаңа заман жастарының білім алудағы, шығармашылық және әлеуметтік белсенділіктерін арттырудағы орталығы іспеттес» атты дөңгелек үстелге қатысып қайтты.

Бұл іс-шарада О. Бөкей атындағы қалалық, А.С. Пушкин атындағы облыстық, Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханаларының қызметкерлері бас қосты. Дөңгелек үстел жұмысы кітапхана әлемінің бүгіні мен болашағы жайлы келелі мәселелерді қозғап, түрлі тақырыптарда баяндамалар жасалып, қызу талқыланды.

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың 60-жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған бұл іс-шара өте тартымды және қызықты өтті.

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo