С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертханасының үш қызметкері ТМД елдері жас ғалымдарының тағылымдамасы бойынша іріктеу турынан өтті.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертханасының кіші ғылыми қызметкері Айдана Имашева мен «Беттік инженерия және трибология» ғылыми-зерттеу орталығының кіші ғылыми қызметкерлері Айдар Кеңесбеков, Дәуір Кәкімжанов ТМД Халықаралық нанотехнологиялар орталығының қолдауымен, ТМД гумантиарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық қорының, Дубна (Ресей) қаласындағы Ядролық зерттеулер біріккен институтының ұйымдастыруымен 13 ақпан мен 14 наурыз аралығында болатын ТМД жас ғалымдары тағылымдамасының іріктеу турынан өтті.
Әріптестерімізді құттықтаймыз және оларға тағылымдамадан өту кезеңінде сәттілік тілейміз!
Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертханасы