Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ «Латын әліпбиіне көшу - болашаққа бастар даңғыл жол» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

23 қазан күні С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшу - болашаққа бастар даңғыл жол» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияны С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры м.а. И.В.Ровнякова кіріспе сөзімен ашты.  Университет ректоры м.а. И.В.Ровнякова мен конференцияға арнайы келген Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры З.Е.Қабылдинов Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті арасында ынтымақтастық келiсiмшартқа қол қойды.

Конференцияда Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қабылдинов Зиябек Ермұқанұлы, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ғалымдары: ф.ғ.к., доцент Бияров Б.Н., Қазақстан және гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, т.ғ.к., доцент Өскембай Ә.А., ф.ғ.к., доцент Әлімхан А.Ә., ф.ғ.к., доцент Сейпутанова А.Қ., ф.ғ.к., доцент Айтмұқашова А.А. баяндама жасады.

Конференция модераторы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Картаева А.М. болды.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo