Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ магистранттары Алтай университетінде тағылымдамадан өтті

26-мамыр мен 4-маусым аралығында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ математика және информатика мамандығының магистранттары Ресейдің Барнаул қаласында орналасқан Алтай мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

Тағылымдамаға Қағидалық кибернетика және қолданбалы математика кафедрасы меңгерушісі, доцент Л. Хворова жетекші болды.

Тағылымдама мақсаты магистрлік диссертация үшін қосымша, тың ақпарат жинау, математикалық модельдеу, математиканы оқыту әдістемесі төңірегінде білімді тереңдету болды.

Барлығы 72 сағаттық дәріс тыңдалды. Математикалық үлгілеу бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілді. Айталық, т.ғ.к., доцент Л.А. Хворова «Эволюция теориясындағы математикалық әдістер мен модельдер» тақырыбында дәріс оқыды. Магистранттар математикалық модельдеуге арналған Anylogic бағдарламасымен жұмыс істеп үйренді. Тағылымдаманың соңғы күнінде қорытынды жасалып, сертификаттар табысталды.

Магистрлік диссертация жазуға ғылыми кітапханадағы жұмыстар мен оқытушылардың іс-тәжірибесі көп көмегін тигізді.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo