- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Педагогика, психология және мәдениет факультеті «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1 курс магистранттары Астанадағы «Право» қоғамдық қорында ғылыми тағылымдамадан өтті.
Алғашқы күні олар мекеме басшылығымен танысып, ұйым бойынша экскурсия жасады. Экскурсияда ұйымның тарихы, міндеттері, қызметі жайлы ақпарат алып, құжаттарымен танысты. Диссертация бойынша әдебиеттермен жұмыс жүргізді. «Үнсіз әлем» қорының төрайымы Мария Төлепбергенованың дәрісін тыңдады.
Астана қаласы №31 мектеп-гимназиясының әлеуметтік педагогымен кездесіп, шағын орталықтағы балалардың дезадаптациясы жайлы ақпарат алып, әңгіме-сұхбат жүргізді. Соңғы күндері тағылымдама бойынша есеп дайындады.
Жоғарғы оқу орнынын кейінгі дайындық бөлімі