С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Информатика» мамандығының 1 курс магистранттары 26 наурыз бен 4 сәуір аралығында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
Зерттеу іс-тәжірибесінің мақсаты – ШҚМТУ-дың Ақпараттық технологиялар кафедрасы мен зертханаларында қолданылатын жаңа ғылыми тәжірибелермен және әдістермен танысу.
Тағылымдама барысында олар Ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі С. Құмарғажанованың жетекшілігімен университетпен, кафедра жұмысымен, зертханалармен, ғылыми кітапханамен танысты, сонымен қатар 72 сағатқа созылған «Ақпараттық қауіпсіздік және өндірістік кешендерді қорғау» атты дәрістер курсын тыңдады. Математикалық және ақпараттық технологиялар зертханасын аралады.
Тағылымдама магистранттардың айтуыша ғылыми-зерттеу жұмысына қажет мәліметтер жинау мен дайындауға, ғылым мен техника дамуындағы заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктермен танысуға және ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерімен жұмыс жасауға мүмкіндік туғызды.
Жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық бөлімі