Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ магистранттары Красноярскідегі СФУ-да ғылыми-зерттеушілік тағылымдамадан өтті

ШҚМУ-дың «Физика» мамандығы бойынша 1 курс магистранттары Красноярск қаласындағы (Ресей) Сібір Федералдық университетінде ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті.

ШҚМУ-дың «Физика» мамандығы бойынша 1 курс магистранттары Аида Маратова мен Станислав Сабиев 29 мамырдан 7 маусымға дейін Красноярск қаласындағы (Ресей) Сібір Федералдық университетінде ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтіп келді.

–72 академиялық сағатқа мөлшерленген стажировкадан өту барысында біз дәрістер тыңдап, инженерияны дамытудың болашағы зор бағыттары, синтез әдістері, есептегіш техникаларды жобалау бойынша семинарлар мен зертханалық жұмыстарға қатыстық. Дәрістердің бір бөлігі Л.В. Киренский атындағы Сібір Федералдық университетінің аумағында орналасқан «Б.С. Биронт атындағы материалтану және металдарды термиялық өңдеу» базалық кафедрасында өтті, онда біз Ресейдің ең заманауи инженерлік мекемесінің техникалық жарақтандырылуымен таныстық. Тағылымдама, сондай-ақ, ауқымды мәдени бағдарламадан да тұрды, мұражай кешенінің барлық алаңдарында және университет кітапханасында болдық, – дейді Аида Маратова мен Станислав Сабиев.

Стажировка аяқталысымен магистранттарға сертификаттар табыстылған.

Барлық алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді.

ШҚМУ магистратурасы

Қазақ
× You found a Typo