Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ магистранттары Ресейде ғылыми тағылымдамадан өтті

23 мамыры және 1 маусымы аралығында Ресей Федерациясының Барнаул қаласындағы «Алтай мемлекеттік университеті» Федералдық мемлекеттік қазыналық білім беру мекемесінде ғылыми тағылымдамадан өттім.

23 мамыры және 1 маусымы аралығында Ресей Федерациясының Барнаул қаласындағы «Алтай мемлекеттік университеті» Федералдық мемлекеттік қазыналық білім беру мекемесінде ғылыми тағылымдамадан «География» мамандығының бірінші оқу жылының магистранты Кәдіров Берік Кәдірұлы өтті.

«География» мамандығының бірінші оқу жылының магистранты Кәдіров Берік Кәдірұлының күнделігінен:

-Ғылыми тағылымдама барысында Алтай мемлекеттік университетінің құрылымымен таныстым. География факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесу болып, геоэкологиялық сараптама жасауға байланысты дәрістер мен жарыссөздерге қатыстым. Кездесу және лекция кешендерін тыңдау қорытындысы бойынша антропогендік факторлардың рекреациялық объектілерге тигізетін әсерлерін зерттеуге байланысты тың тәсілдермен танысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік туды.

Arc GIS 10.31, ENVI 5.0 бағдарламаларының базасында жетік жұмыс жасауға байланысты мастер класстарға қатысып, жаңа мүмкіндіктерін пайдалануға жол ашылды. Магистрлік диссертация жазу барысында картографиялық иллюстарция жасауға мүмкіндік толығымен бар деп санауға болады.

ЭБС «Лань» баспасында, ЭБС «Университетская библиотека online», Springerlink басылымдық бағдарламаларында, АлМУ ғылыми кітапханасында, В.Я. Шишков атындағы ААҒК тіркеуден өтіп, диссертация тақырыбыма байланысты тың деректер қоры жинақталды.

Сондай-ақ 26 мамырында «Туристік индустрияның қазіргі заманғы даму мәселелер» тақырыбындағы III Халықаралық жастар ғылыми-тәжірибелік интернет-конференциясына қатыстым. Ұйымдастырушы рекреациялық география, туризм және маркетинг кафедрасы болды.

Конференция барысында туристік индустрияны Еуразиялық кедендік одақ аясында дамыту және жаңа мүмкіндіктерді пайдалану, рекреациялық аймақтарды қалпында сақтау мәселері толығымен қамтылды.

Б.Кәдіров, «География» мамандығының магистранты

Қазақ
× You found a Typo